Израиль үкіметі мүшелері Герцогтың Түркия сапарын бағалады

Израиль премьер-министрі Нафтали Беннетт Герцогтың Түркияға сапарын «толқындырды» деп бағалады.

1793056
Израиль үкіметі мүшелері Герцогтың Түркия сапарын бағалады

Израиль премьер-министрі Нафтали Беннетт Израиль президенті Ицхак Герцогтың Түркияға сапарын «толқындырды» деп бағалады.

Израиль үкіметінің алдынғы қатарлы тұлғалары Герцогтың кеше бас қала Анкараға жасаған сапарына баға берді.

Израиль премьер-министрі Нафтали Беннетт Ицхак Герцогтың Анкараға сапарын «толқындырды» деп бағалады.

Нафтали Беннетт әлеуметтік желідегі жеке аккаунтынан президент Режеп Тайып Ердоғанның Президенттік сарайда Герцогты қарсы алу рәсімінде музыкалық топтың ұлттық әнұрандарды ойнаған сәттері туралы бейне көрініс бөлісті.

Беннетт өз хабарламасында «Израиль президенті Ицхак Герцогты Анкарада Израильдің әнұраны орындалып жылы қарсы алды, толқындырды» деп жазды.

Израиль Қорғаныс министрі Бенни Ганц болса әлеуметтік желідегі аккаунтынан Герцогты «Түркияға маңызды сапарымен» құттықтады. Ганц «Түркиямен қарым-қатынасты жақсарту екі елдің ортақ қауіпсіздік мүдделері және әлем мен Таяу Шығыстағы тұрақтылықты сақтау қажеттілігінен туындады. Біз қажетті жауапкершілікпен жаңа серіктестіктер құруды жалғастырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар