Ресейге қарсы соғысу үшін 52 елден еріктілер келді

Кулеба онлайн баспасөз мәслихатында бүгін бүкіл әлемнің Украинаны қолдап отырғанын айтты.

1791015
Ресейге қарсы соғысу үшін 52 елден еріктілер келді

Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба украиндықтармен иық тірестіріп соғысу үшін 52 елден еріктілердің келгенін айтты.

Кулеба онлайн баспасөз мәслихатында бүгін бүкіл әлемнің Украинаны қолдап отырғанын айтты.

Украина президенті Владимир Зеленскийдің шетелдіктерге өз елінде Ресей армиясына қарсы соғысуға мүмкіндік жасағанын еске салып Кулеба: «Келу өтініштері қарастырылуда. Дүниедегі азат адамдардың әрекеттері таң қалдырады. Қазір бізге әлемнің 52 елінен тәжірибелі соғыс ардагерлері мен еріктілер келіп жатыр. Бұл олардың қалауы. Біз оларды шақырған жоқпыз және еш ынталандырып та отырған жоқпыз. Бұл - тек жақсылар жағында соғысқысы келетіндердің тілегі» деді.

Кулебаның айтуынша, Украинаны қорғауға келген шетелдіктердің жалпы саны 20 мыңға жеткен.

Бұған қоса, Кулеба осы аптада Еуропалық Одақ пен G7 елдерінен Ресейге қарсы жаңа санкциялар күтетіндерін атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар