Малидегі террор шабуылында 27 әскер қаза тапты

Малидегі гарнизонға террор шабуылы жасалды.

1790352
Малидегі террор шабуылында 27 әскер қаза тапты

Малидегі гарнизонға жасалған террор шабуылында 27 әскер қаза тауып, 33 сарбаз жараланды.

Мали армиясынан жасалған мәлімдемеде елдің ішкі аймағында орын алған Мондоро маңындағы бір гарнизонның бомба тиелген көлікпен нысанаға алынғаны білдірілді.

Шабуылдан кейін әскерлер мен террористтер арасында шыққан қақтығыста 27 әскер қаза тауып, 33 әскердің жараланғаны атап көрсетілді.

Оқиғада 7 әскердің із-түссіз жоғалғаны және 70 террористің залалсыздандырылғаны мәлімденді.

Мали президенттігінен жасалған мәлімдемеде болса 3 күндік ұлттық аза тұту жарияланғаны жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар