Соғыстың Ресейге күнделікті шығыны 20 миллиард доллардан асуы мүмкін

Зерттеуде 4,2 миллиард долларлық шығынды жабдықтың жойылуы құрады.

1789159
Соғыстың Ресейге күнделікті шығыны 20 миллиард доллардан асуы мүмкін

Ресейдің 24 ақпан күні Украинаға қарсы бастаған соғыстың Мәскеу әкімшілігіне бір күндік шығынының 20 миллиард доллардан асуы мүмкін екені айтылды.

Онлайн консалтингтік компаниясы Consultancy жариялаған хабарда Centre for Economic Recovery және EasyBusiness орталығы мен Civitta консалтингтік компаниясы тарапынан жүргізілген зерттеуде Ресей-Украина соғысының Ресей экономикасына шығыны есептелді.

Зерттеуде анықталған әскери техника мен қызметкер шығынына қоса соғыс кезіндегі тікелей шығындардың алғашқы 5 күнде Ресейге шамамен 7 миллиард долларға жуық шығын түсіргені атап көрсетілді.

Зерттеуде 4,2 миллиард долларлық шығынды жабдықтың жойылуы құрады.

Сонымен қатар логистикалық, қызметкер, оқ-дәрі, жанармай, зымыран ұшыруға қоса жұмылдырудың ауқымының күн сайын одан көбірек қаржыны талап ететінін атап көрсеткен зерттеушілер, оккупацияның ауқымы ұлғайған сайын Ресей үшін соғыстың күнделікті шығынының 20 миллиард доллардан асуы мүмкін екеніне назар аударды.

Зерттеуде бұл жағдайдың Ресейдің қарапайым азаматтары тұрғысынан жоғары инфляция мен төмен сатып алу қабілеті деген мағынаға келетіні және елде кедейліктің артатыны баса айтылды.



Ұқсас жаңалықтар