Швеция Украинаға қару жіберетінін жариялады

Швеция премьер-министрі Ева-Магдалена Андерссон мәлімдеме жасады.

1786605
Швеция Украинаға қару жіберетінін жариялады

Швеция премьер-министрі Ева-Магдалена Андерссон өткізген баспасөз мәслихатында «5 мың AT4 танкке қарсы қару, 5 мың болат кеудеше, 5 мың әскери каска және 135 мың сарбазға дайын азық-түлік жібереміз. Сондай-ақ гуманитарлық көмек үшін 50 миллион еуро қосымша қолдау көрсетеміз» деді.

Канада премьер-министрі  Джастин Трюдо болса Украинаға 25 миллион долларлық әскери жәрдемнің жасалғанын мәлімдеді.

Трюдо әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған хабарламада «Украин халқына өзін қорғауға көмектесу мақсатты оларға түнде көретін көзілдіріктерді, дене сауыттарын, противогаздар және дулығалармен бірге қосымша сұралған әскери заттарды жібереміз» деді.

Канада премьер-министрі Трюдо «Бұл материалдары Украинаға жеткізу және НАТО-ның басқа қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін Канада Әуе күштері әуеден тасымалдау қолдауы көрсетеді. Путиннің халықаралық заңдар мен адам құқықтарын қорлауына қарсы жауап қайтаруды жалғастыра отырып, Украина мен украин халқының жанында боламыз» деді.

Канада 14 ақпан күні Украинаға 500 миллион доллар несие және 7,8 миллион доллар әскери материалдық жәрдем жасаған болатын.

Ресей әскерлері 24 ақпан күні Украинаға шабуыл жасады.



Ұқсас жаңалықтар