"Жалғыз қалдық" деді

Владимир Зеленский «Елімізді қорғауда жалғыз қалдық» деді.

1785035
"Жалғыз қалдық" деді

Украина президенті Владимир Зеленский «Елімізді қорғауда жалғыз қалдық» деді.

Facebook желісіндегі мәлімдемесінде Владимир Зеленский Украина армиясы бүкіл елді дерлік қорғай білгенін айтты.

Хостомель әуежайын ресейлік күштерден қайтарып алғанын еске салған Зеленский “Бұл елордаға сенім оятады. Алдын ала мәліметтер бойынша  137 батыр және азаматымыздан айырылдық. Жауынгерлер мен бейбіт тұрғындар” деді.

Жұмыстарын үкіметтің штаб-пәтерінде жалғастырып жатқандарын білдірген Зеленский: «Бізге жеткен ақпаратқа сәйкес, дұшпан мені бірінші мақсат етіп қойды. Менің отбасым - екінші нөмірлі нысана. Олар Украинаны президентті құрту арқылы саяси жолмен жойғысы келеді» деп мәлімдеді.

Зеленский ресейлік диверсиялық әскерлер ел астанасы Киевте екенін айтты. «Сондықтан Киев халқынан өтінішім: абай болыңыздар, коменданттық сағат ережелерін сақтаңыздар” деді ол.

Украина басшысы елінің Ресейге қарсы қорғанысында жалғыз қалғандарын айтып, "Ресеймен бейтараптық мәртебесі жөнінде сөйлесуден қорықпаймыз. Бірақ бізде қандай қауіпсіздік кепілдігі болады?" деді.

 

Зеленский Украинаны ауызша ғана емес, белгілі бір жолмен де қолдаған елдерге алғысын білдірді.

“Алайда елімізді қорғауда жалғыз қалдық. Кім біз жақта соғысуға дайын? Мен оларды көріп тұрған жоқпын. Украинаның НАТО-ға кіруіне кім кепілдік беруге дайын? Барлығы қорқады» деді президент.

Зеленский Мәскеуден келіссөзге дайын екендігі туралы мәлімдемелер келгенін атап өтті. Ол "Біз Ресеймен бейтараптық мәртебесі жөнінде сөйлесуден қорықпаймыз. Бірақ бізде қауіпсіздіктің қандай кепілі болады? Оны қай елдер береді?" деп сұрады.

Владимир Зеленский оккупацияның доғарылуы туралы сөйлесу керек екенін атап өтті. Ол «Бірақ қазір елдің тағдыры толығымен біздің армия мен қауіпсіздік күштеріне байланысты» деді.

Екінші жағынан Владимир Зеленский ел бойынша жалпы мобилизация жариялау туралы жарлыққа қол қойды. Жарлыққа сәйкес, жұмылдыру 90 күнге созылады. Жұмылдыру аясында қанша адам алынатынын Бас штаб анықтайды.



Ұқсас жаңалықтар