Украинадағы шабуылда 137 адам қаза тапты

Ресейдің Украинаға әскери операциясының алғашқы күнінде 137 жан шығыны болғаны жарияланды.

1785271
Украинадағы шабуылда 137 адам қаза тапты

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің Украинаға әскери операциясының алғашқы күнінде 135 адамның қаза тапқанын жарияланды.

Зеленский мәлімдемесінде "Алғашқы білгілеу бойынша 137 қаһарман әскеріміз бен азаматымыз шейіт болды" деп көрсетті. 

Украина Денсаулық сақтау министрі Олех Ляшко бұдан бұрынғы мәлімдемесінде орыс шабуылында 57 кісі қаза тапқанын, 169 кісінің жараланғанын хабарлаған еді.

Донецктегі ауруханада орыс күштері атқан 4 кісінің қаза тапқаны білдірілді.

Мемлекеттік  сарай офисі Чернобыль Атомдық станциясының бақылауынан айырылғандарын жариялады.

Мемлекеттік  сарай офисі төрағасының орынбасары Михайл Подоляк "ауыр бір соғыстан" кейін Чернобыль Атомдық станциясының орыс әскерлердің қолына өткенін айтты.

Михайл Подоляк бұл Еуропа үшін ең үлкен қауіптің бірі екенін білдірді.

Михайл Подоляк Украинаның ресми ақпарат агенттігі Украинформға жасаған мәлімдемесінде астана Киевтегі Хостомел әуежайын да орыстың бақылау астына алғанын айтты.

Украинаның порт қаласы Мариупольдың қатты оқ астында қалғаны және жүздеген жарылыс болғаны хабарланды.

Ресей Қорғаныс министрлігі Украинадағы әуе күштерінің Қырым арқылы Херсонға кіргенін жариялады.

Украина Қорғаныс министрнің орынбасары Анна Маляр орыс әскерлерінің Украина армиясына тиесілі кейбір әскери көліктерді қолға түсіргенін және Киевке қарай бет алғанын білдірді. 

Украина Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Валерий Залужный болса Ресейдің еліне қарсы жасаған шабуылда шығындардың алғашқы күнінде 30-дан астам танк, мөлшермен 130 сауытты көлік, 7 ұшақ және  6 тікұшақ ретінде межелегенін жариялады. 

Астана Киевте таңғы уақыттардан бастап жарылыс даусы қайтадан естіле бастады. 

Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба "Ресейдің үрейлі зымыран шабуылы Киевті нысанаға алды" деген сөздер қолданды. 

Украина қорғаныс министрлігі орыс армиясының бүгін астанаға кіруге тарысатынын  пайымдауда. 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар