Украинада соғыстың алғашқы күні 57 жан шығыны болды

Михайл Подоляк "ауыр бір соғыстан" кейін Чернобыль Атомдық станцияның орыс әскерлердің қолына өткенін айтты.

1784964
Украинада соғыстың алғашқы күні 57 жан шығыны болды

Ресейдің Украинаға әскери операциясының алғашқы күнінде 57 жан шығыны болғаны жарияланды.

Украина Денсаулық сақтау министрі Олех Ляшко орыс шабуылында 57 кісі қаза тапқанын, 169 кісінің жараланғанын хабарлады.

Донецктегі ауруханада орыс күштері атқан 4 кісінің қаза тапқаны білдірілді.

Мемлекеттік  сарай офисі Чернобыль Атомдық станциясының бақылауынан айырылғандарын жариялады.

Мемлекеттік  сарай офисі төрағасының орынбасары Михайл Подоляк "ауыр бір соғыстан" кейін Чернобыль Атомдық станциясының орыс әскерлердің қолына өткенін айтты.

Михайл Подоляк бұл Еуропа үшін ең үлкен қауіптің бірі екенін білдірді.

Михайл Подоляк Украинаның ресми ақпарат агенттігі Украинформға жасаған мәлімдемесінде астана Киевтегі Хостомел әуежайының бақылауы да орыстарға өткенін айтты.

Украинаның порт қаласы Мариупольдың қатты оқ астында қалғаны және жүздеген жарылыс болғаны хабарланды.

Ресей Қорғаныс министрлігі Украинадағы әуе күштерінің Қырым арқылы Херсонға кіргенін жариялады.

Киевті қамтыған көптеген қалада көшеге шығу шектелді. Черкаси, Днепр және Николаев қалаларында түн бойы көшеге шығу шектелді.

Көшеге шығу шектелген мезгілде топтық қатынас тоқтады. Метро станциялары баспана ретінде қолданылды.



Ұқсас жаңалықтар