Этна жанартауы күл шаша бастады

Этна жанартауы шашқан күлдер мөлшермен 11 мың метр биікке жеткені білдірілді.

1782443
Этна жанартауы күл шаша бастады

Италиядағы белсенді жанартаулардың бірі Этна қайтадан күл мен жалын шаша бастады.

Биіктігі 3 мың 200 метрлік Этна жанартауы 10 ақпандағы вулканды қозғалысынан кейін екінші мәрте белсенді күйге келді.

Италия Ұлттық Геофизика және вулканология институтының (INGV) мәліметтері бойынша жанартау шашқан күлдер мөлшермен 11 мың метр биікке жеткені білдірілді.

Жанартаудың оңтүстік шығыс кратерінен от жалыны аға бастағаны, аймақта көптеген вулкандық сілкіністер болғаны хабарланды.

Жанартаудың төңірегін күл бұлттары торлағаны, Катания Фонтанаросса әуежайында әуе рейстерінің тоқтағаны білдірілді.

Жанартаудың төңірекке күл шашуы себепті жақындағы елді мекендердегі үйлерді күл басқан. 

Этна жанартауында өткен жылы 50-ден астам вулканды қозғалыс тіркелген болатын.



Ұқсас жаңалықтар