Омикрон вакцинасы біраз кешігеді

BioNTech Омикрон штамына арналған вакцинаны наурыз айының соңында нарыққа шығаратындарын хабарлаған болатын.

1780569
Омикрон вакцинасы біраз кешігеді

Неміс биотехнология компаниясы BioNTech-тің құрушысы, түрік ғалым Профессор доктор Угур Шахин жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетінің Омикрон штамына арнайы дайындалған вакцинаның бірнеше апта кешігетінін хабарлады.

Профессор доктор Угкр Шахин неміс баспасөзіне мәлімдемесінде Омикрон мутациясы үшін арнайы дайындалған  вакцинаның мәлімет жинау процесінің баяу болуы себепті бірнеше апта кешігетінін білдірді.

Жаңа мутацияларға қарсы арнайы вакцина дайындаудың жалғасатынын айтқан Шахин:

"Індет толқыны аяқталса да, бұл қайта басталмайтынын көрсетпейді" деді.

Ковид-19 індетінің болашақта қандай түс алатыны жайлы Шахин:

"Жағдайды шынында трагедиялық деп қарамаймын" деді.

BioNTech Омикрон штамына арналған вакцинаны наурыз айының соңында нарыққа шығаратындарын хабарлаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар