БАӘ Түркияны «Жасыл аймақ» тізіміне қайта енгізді

Түркияның Абу-Даби елшілігі Твиттер аккаунтынан мәлімдеме жасады.

1779519
БАӘ Түркияны «Жасыл аймақ» тізіміне қайта енгізді

Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) Түркияны жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) індетімен күрес аясында Абу-Дабиге кірген кезде карантинге алу міндеттемесі тізімінен алып тастады.

Түркияның Абу-Дабидегі елшілігі Твиттер аккаунтынан мәлімдеме жасап, Ковид-19 эпидемиясымен күрес шаралары аясында іске қосылған саяхат қауіпсіздік тізімін жаңартқанын мәлімдеді.

Түркиядан Абу-Дабиге келетін азаматтардың көптегенде 48 сағат бұрын алынған ПТР анализлері болу керектігі атап көрсетілген мәлімдемеде жолаушылардың Абу-Дабиге барған соң ПТР анализдерін белгіленген мерзім аралығында қайта тапсыратыны білдірілді.

Түркиядан Абу-Дабиге баратын жолаушылар арасында 2 компонент Ковид-19 вакцинасын салған азаматтар 6-шы күні, ал екпелерін аяқтамағандардың 6-шы және 9-шы күндері ПТР анализін тапсыру керектігі айтылды.

БАӘ мекемелері 3 қаңтар күні араларында Түркияда бар кейбір елдерді «Жасыл аймақ» тізімінен шығарған еді.

Аталмыш шешім негізінде Ковид-19 вакцинасы салмағандарды 10 күндік карантинге салу міндеті жүктелген болатын.



Ұқсас жаңалықтар