Нью-Йоркта вакцинасыз 1430 кісі жұмыстан шығарылды

Нью-Йорк қаласындағы тәртіпке сай қала әкімшілігі қызметкерлерінің 2021 жылы 29 қазанға дейін кемінде бір компонент вакцина салғызуы керек.

1778888
Нью-Йоркта вакцинасыз 1430 кісі жұмыстан шығарылды

Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласында қала әкімшілігінің 1430 қызметкері жаңа типті коронавирус (Сovid-19) вакцинасын салғызбағаны себепті жұмыстан шығарылды.

Нью-Йорк қала әкімі Эрик Адамстың офисінен жасалған мәлімдемеде қала әкімшілігі қызметкерлерінің  Ковид-19 індеті вакцинасын салғызуы мәжбүр екені ескертілді.

Мәлімдемеде жүздеген қызметкердің Ковид-19 вакцинасын салғызған дәлелін ұсынғаны немесе вакцина ескертуінен кейін вакцина салғызғаны білдірілді. 

Қала әкімшілігі қызметкерлерінің  Ковид-19 індеті кезінде алдыңғы қатарда қызмет атқарғанына назар аударылған мәлімдемеде қызметкердердің вакциналарын салғызып, өздерін және Нью-Йорктағы халықты қорғау үшін талпынғанын тағы бір мәрте көргендері бідірілді.

Мәлімдемеде Ковид-19 вакцинасы мәжбүр болғанына қарамай салғызбаған 1430 кісі жұмыстан шығарылғаны ескертілді.

Жұмыстан шығарылғандардың 64 пайызы қаланың білім беру бөлімінде жұмыс атқарғаны анықталды.

Нью-Йорк қаласындағы тәртіпке сай қала әкімшілігі қызметкерлерінің 2021 жылы 29 қазанға дейін кемінде бір компонент вакцина салғызуы керек.

Вакцина мәжбүрлігіне қарамай Ковид-19 вакцинасын салғызбаған 9 мың кісі 2021 жылы 1 қарашада жалақысыз демалысқа шығарылған болатын. 



Ұқсас жаңалықтар