Киіктерге коронавирус жұққан

Нью-Йорктың Staten Island  ауданында 131 киіктің жиырмасында коронавирус анықталды.

1776091
Киіктерге коронавирус жұққан

Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласындағы киіктерде коронавирустың Омикрон штамы табылды.

Пенсильвания штат Университеті, Нью-Йорк қаласы саябақтар департаменті бірігіп зерттеу жүргізді. Нью-Йорктың Staten Island  ауданында 131 киіктің жиырмасында коронавирус анықталды.

Осы зерттеу ковид-19-дың Омикрон штамының бірінші рет жабайы жануарларда табылуын көрсетті.

Бұл оқиға әлі нақтыланбаса да жануарлардың адамға коронавирус жұқтырып, жаңа мутацияларға жол ашуы мүмкін екені туралы сұрақтарды тағы күн тәртібіне келтірді.

Зерттеушілер вирустың адамдардан киіктерге қалдық су немесе орман өрттері секілді факторлар арқылы жұққан болуы мүмкін екені ықтималын тілге тиек етті.

Алдымен 2020 жылы қыркүйек айында Iowa штатында киіктерде коронавирус табылғаны білдіріліп, артынан АҚШ Егіншілік министрлігі Мичиган, Нью-Йорк, Нью-Джерси және Пенсильвания секілді көптеген штатта ковид жұққан киіктерді анықтаған еді.



Ұқсас жаңалықтар