Жапонияда қалың қар туралы ескерту жасалды

Жапонияда қалың қардың кесірінен 123 рейстің ұшуымен, 67 пойыз қозғалысы тоқтатылды.

1776000
Жапонияда қалың қар туралы ескерту жасалды

Жапонияның метеорологиялық агенттігі (ЖМА) қар жауады деп күтілетін аймақтарда мәжбүр болмаған соң сапарға шықпауға шақырды.

ЖМА Яманаши провинциясында жұма күні азанға дейін қар қалыңдығының 20 мен 40 сантиметрге, Нагано, Цизуока мен Кантодағы таулық аймақтарында 20 сантиметрге дейін жетеді деп күтілуде.

Елдегі All Nippon Airways сақтық шарасы ретінде ертеңгі 96 ішкі рейсті тоқтатқанын жариялағанымен, Japan Airlines Ханеда әуежайынан 27 рейсті тоқтатуға шешім қабылдады.

Теміржол кәсіпорны JR East болса Нагано мен Яманаши арасында жүретін шектеулі экспресс пойыздарға қоса, 67 қызметтің тоқтатылатыны туралы мәлімдеді.

Ертеңнен бастап тоқтатылған рейс санының артуы мүмкін екенін ескерткен лауазымдылар апат қаупін азайту үшін сондай-ақ кейбір тас жолдарда жоспарланған қозғалыс үзілістері болуы мүмкін екенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар