Ауған босқындарға көмек қажет

Жедел гуманитарлық көмек және қорғанысты қамдау үшін кемінде 589 миллион АҚШ доллары керек.

1775798
Ауған босқындарға көмек қажет

Ауғанстанда үйлерінен көшкен бейбіт халыққа жедел гуманитарлық көмек және қорғанысты қамдау үшін кемінде 589 миллион АҚШ доллары керек.

БҰҰ-на қарасты Халықаралық Миграция ұйымының  (IOM) жазбаша хабарламасында алдымен қыркүйекте жарияланған, артынан түзету енгізілген Ауғанстан мен көрші елдер үшін ауқымды іс-қимыл жоспары  (CAP) туралы мәлімет берілді.

Тамыз айында билікті Талибан алғаннан кейін ел ішінде және көрші елдерге көшіп кеткен 3,6 миллион адам үшін көмек керек. Аталмыш жоспар осы дағдарысты жеңілдетуге тырысады.

Гуманитарлық дағдарыстан жапа шекке азаматтар үшін кемінде 589 миллион доллар қаржы қажет.

IOM Операциялар директоры Угочи Даниелс «Ауғанстандағы дағдарыс әрі ел ішінде,  әрі көрші аймақтарда гуманитарлық мұқтаждықты арттырып отыр. Әрі көш рискін де алып келеді» деді.

Ол тамыз айында басталған дағдарыстан бері ауған халқының жартысынан көбінің гуманитарлық көмекке мұқтаж екенін атап көрсетті.

«Ауғанстанда қоғамның барлығына дерлігі кедейлікке итермеленіп отыр, жүйелі құлдырау және гуманитарлық апат рискі бар» деді ол.

CAP Ауғанстанда үйін тастап кеткен азаматтармен қоса Иран, Қазақстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстандағы ауған босқындарға көмек беруді мақсат етеді.



Ұқсас жаңалықтар