Ұлыбритания "Nuvaxovid" атты вакцинаны мақұлдады
Клиникалық сынамада "Nuvaxovid" атты вакцинаның індетке қарсы 89 пайыз қорғағаны білдірілді.
Ұлыбритания орталығы Америка Құрама Штаттарындағы Novavax компаниясы жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетіне қарсы жетілдірген "Nuvaxovid" атты вакцинаны мақұлдады.
Ұлыбританияның Дәрілер мен денсаулық сақтау өнімдерін реттеу органынан (MHRA) жасалған мәлімдемеде қауіпсіздік, сапа және әсері сынақтан өткен вакцинаның ересектерге егілген 1-ші және 2-ші компонентінің сенімді болғаны білдірілді.
Мәлімдемеде Novavax компаниясы жаңа типті коронавирус індетіне қарсы жетілдірген "Nuvaxovid" атты вакцина Дәрілер мен денсаулық сақтау өнімдерін реттеу органы (MHRA) Ұлыбританияда қолдануға мақұлдаған бесінші Ковид-19 вакцинасы ретінде тіркелді.
Клиникалық сынамада "Nuvaxovid" атты вакцинаның індетке қарсы 89 пайыз қорғағаны білдірілді.
Ұлыбританияда осының алдында Pfizer/BioNTech, Moderna, Oxford-AstraZeneca және Janssen вакциналары мақұлданған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Лондон-Сингапур рейсі турбуленттілікке кіріп, 1 адам қаза тапты
Сингапур әуе жолдары ұшағының Суварнабхуми халықаралық әуежайына шұғыл қонғаны хабарланды.
Лавров Палестина мемлекетін құрудың маңызына тоқталды
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанда баспасөз мәслихатын өткізді.