Маска кимеген депутаттарға айыппұл салынды

Мемлекеттік медицина инспекторлары 21 депутаттың маска кимегенін анықтады.

1773059
Маска кимеген депутаттарға айыппұл салынды
bulgaristan milletvekilleri.jpg
bulgaristan milletvekilleri.jpg

Болгария парламентінің жалпы отырысында маска кимеген 21 депутатқа ақшалай айыппұл тағылады.

240 мүшесі бар парламентке коронавирус індетіне байланысты сақтық шарасы ретінде 24 қаңтар күніне бастап вакцина сертификаты немесе антидене тест қорытындысының анықтамасын көрсетіп кіруге болады. Депутаттар тек сөйлеген кезде ғана маскасын шешуге болады.

Мемлекеттік медицина инспекторлары парламенттің бейсенбі күнгі отырысында тексеру жүргізді,  21 депутаттың маска кимегенін анықтады.

Инспекторлар медициналық сақтық шараларын орындамай, әріптестерінің денсаулығына қауіп төндірген депутаттарды Софиядағы орталыққа шақырды.

Инспекция орталығы баспасөзге мәлімдеме беріп, қағидаға бағынбаудың жазасының мың болгар левасы екенін білдірді.

Маскасыз анықталғандар арасында ковид-19 шаралары мен вакцинаға қарсы, Ресейді қолдайтын, жаңадан туу партиясының 13 адамдық мүшесі мен басқа да партиялардың депутаттары бар.

«Ковид деген нәрсе мүлдем жоқ» деген пікірді қолдайтын Жаңадан туу партиясының лидері Костадин Костадинов айыппұлға сот арқылы наразылық білдіретіндерін айтты.



Ұқсас жаңалықтар