"Жеңіс жариялау" үшін әлі ерте

Гебрейесус коронавирустың Омикрон штамының он апта бұрын анықталғанын және әлем бойында 90 миллион оқиға тіркелгенін айтты.

1772130
"Жеңіс жариялау" үшін әлі ерте

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының бас директорыТедрос Адханом Гебрейесус коронавирусқа қарсы бір елдің «берілуі немесе жеңіс жариялауы» үшін әлі ерте екенін айтты.

Гебрейесус Женева қаласында баспасөз мәслихатын өткізді. Ол 2020 жылы 30 қаңтар күні халықаралық қоғамның денсаулығы үшін төтенше жағдай жарияланғанына екі жыл толғанын еске салды.

Өткен екі жылдан кейін әлем көлемінде 370 миллион адамға ковид жұққанын және 5,6 миллион адамның қайтыс болғанын білдірген ол «Ол кезде жүзден аз оқиға тіркелетін еді, Қытай тысынан өлім білдірілмеген болатын» деді.

Гебрейесус коронавирустың Омикрон штамының он апта бұрын анықталғанын және әлем бойында 90 миллион оқиға тіркелгенін айтты. «Бұл сан 2020 жылы білдірілген барлық көрсеткіштен жоғары.  Енді әлемнің көптеген аймағында өлім-жітімнің алаңдатарлық артуын байқап отырған жоқпыз» деді ол.

Гебрейесус коронавирусқа қарсы бір елдің «берілуі немесе жеңіс жариялауы» үшін әлі ерте екенін ескертті. «Бұл вирус қауіпті және барлығымыздың көз алдында эволюция кешіруін жалғастырып отыр» деді ол.

Қазір Омикронның түпнұсқасынан бөлек "BA.2" атты штамның ізін бақылап отырғандарын айтқан бас директор оның қауіптірек екенін білдірді.  Ол барлық елдерге вакцина жеткізуге шақыру тастады.



Ұқсас жаңалықтар