Африкада миллиондаған адам аш

Эфиопияда 6 миллион, Сомалиде  7 миллионнан астам кісінің шұғыл азық-түлік жәрдеміне мұқтаж екені білдірілді.

1771730
Африкада миллиондаған адам аш

Африка мүйізіндегі Эритрея, Джибути, Сомали және Эфиопия елдерінде миллиондаған адамның ашаршылықпен күрескені білдірілді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Балаларға жәрдем қоры ЮНИСЕФ тарапынан жасалған мәлімдемеде ашаршылықтың аймақта әсіресе балаларға нашар әсер тигізгені хабарланды.

Мәлімдемеде наурыз айының ортасына дейін тек қана Эфиопияда 6 миллион, Сомалиде  7 миллионнан астам кісінің шұғыл азық-түлік жәрдеміне мұқтаж екені білдірілді.

Мәлімдемеде климат өзгерістері себеп болған су жетіспеуге байланысты құрғақшылықта хайуандардың да өлгені хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар