Модернаның вакцинасына толық рұқсат берілді

FDA Модерна компаниясының коронавирус вакцинасының қолданылуына толық рұқсат бергенін хабарлады.

1771478
Модернаның вакцинасына толық рұқсат берілді

Америка Құрама Штаттарының Федералдық азық-түлік және дәрі департаменті FDA Модерна компаниясының коронавирус вакцинасының қолданылуына толық рұқсат бергенін хабарлады.

FDA бұл туралы хабарлама жариялап, Модернаның ковид-19 вакцинасының өндіру процесіне байланысты толық зерттеудің жүргізілгенін білдірді.

Хабарламада «Халық осы вакцинаның FDA-ның қатаң ғылыми стандарттарына сай бекітілгеніне сенімді болсын» деп айтылды.

Модерна компаниясы да толық рұқсат алған коронавирус вакцинасының  бұдан былай Spikevax деген атпен сатылатынын білдірді.

АҚШ Аурулардан сақтану және алдын алу орталықтарының деректеріне қарағанда, елде қазірге дейін 204 миллионнан астам адамға Модерна вакцинасы салынды.

FDA Модернаның вакцинасы үшін 2020 жылдың желтоқсан айында жедел қолдану рұқсатын берген болатын.



Ұқсас жаңалықтар