Зайцев: "Ресейдің ешкімге шабуыл жасағысы келмейтінін бірнеше рет айттық"

Алексей Зайцев Украинаның шығысындағы мәселе туралы мәлімдеме жасады.

1769664
Зайцев: "Ресейдің ешкімге шабуыл жасағысы келмейтінін бірнеше рет айттық"

Украинаға шабуыл жасау ниеті жоқ екенін білдірген Ресей «Екі халық арасындағы соғыс идеясын да қабылдамаймыз» деді.

Ресей Сыртқы істер министрлігі Ақпарат және баспасөз департаменті басшысының орынбасары Алексей Зайцев Мәскеуде бейнеконференция арқылы өткізген брифингте Ресей мен Батыс арасындағы шиеленіс және Украинаның шығысындағы мәселе туралы мәлімдеме жасады.

Зайцев «Ресейдің ешкімге шабуыл жасағысы келмейтінін бірнеше рет айттық. Біз екі халық арасындағы соғыс идеясын да қабылдамаймыз. Дегенмен, Украинаны басқарып отырған теңіздің арғы жағындағы күштер басқаша ойлайды. Олар Ресейдің Украинаға шабуыл жасауын және бүкіл Батыс әлемін өзіне қарсы дұшпан қылу туралы сценарийді орындауға ниетті» деді.

Батыстың Украинадағы жағдайды асқындырғанына назар аударған Зайцев «НАТО елдері Украинаның шығысындағы қақтығысты қыздыру және Украинаның ішкі істеріне араласуды тоқтатады деп үміттенеміз. Бұл Украинадағы тараптарға бар келіспеушіліктерді тікелей келіссөз арқылы шешуге мүмкіндік береді» деді.

Ресей мен Украина арасындағы қарым-қатынастардың одан да нашарлағанына назар аударған Зайцев Украинаға шабуыл жасау ниеттері жоқ екенін мәлімдеді.

Украинаның Донбасс мәселесіне қатысты келіссөздер үдерісіне «саботаж жасағанын» білдірген Зайцев «Украина әкімшілігін тәуелсіз қозғалуға, өз елі мен азаматтарының мүддесін ескеруге, Донецк және Луганскпен тікелей келіссөз арқылы мәселені саяси жолмен шешуге шақырамыз» деді.

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергтің шығыста НАТО-ның болмысын күшейткісі келгені туралы мәлімдемесін де бағалаған Алексей Зайцев «НАТО Еуропа шығысындағы елдерден күштерін шығарса, әскери шиеленіс әлсірейді. Мұны жасауға шақырамыз. Бұл қауіпсіздік кепілдігі тақырыбында НАТО-ға ұсыныстарымыздың негізгі факторларының бірі» деді.



Ұқсас жаңалықтар