Pfizer-дің Ковид-19 дәрісі мақұлданды

"Paxlovid" атты дәрі Еуроодақта Ковид-19 індетін емдеуде ауыздан ішілетін тұңғыш мақұлданған дәрі болды.

1769451
Pfizer-дің Ковид-19 дәрісі мақұлданды

Еуропа Одағының дәрі-дәрмек ұйымдастырушысы Еуропа Дәрі агенттігі (EMA) Америка компаниясы Pfizer тарапынан жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетін емдеу мақсатымен өндірілген дәріні Еуропа Одағының қабылдайтынын білдірді.

Еуропа Дәрі агенттігінен (EMA)  жасалған мәлімдемеде "Paxlovid" атты вирусқа қарсы препаратты шартты нарықтық мақұлдау өтініші қабылданғанын хабарлады.

Осылайша "Paxlovid" атты дәрі Еуроодақта Ковид-19 індетін емдеуде ауыздан ішілетін тұңғыш мақұлданған дәрі болды.

Өтініш 12 жастан жоғарғы науқастарды емдеуге арналған, алайда Еуропа Дәрі агенттігі дәрінің қосымша оттегімен емдеуді қажет етпейтін ересек науқастарда қолданылатынын  білдірді.

Дәрінің Ковид-19 індетінің Дельта штамына қарсы әсерлі болғаны, Омикрон штамына қарсы да әсерлі болуы күтілгені білдірілді.

Еуропа Дәрі агенттігі өткен ай дәрінің мақұлдау алдында да шұғыл науқастарда қолдануды ұсыныс еткен болатын.

Pfizer дәрінің Ковид-19 науқастарының ауруханаға жату мөлшері мен өлім қаупін 88 пайыз азайтқанын хабарлады.

Еуропа Дәрі агенттігінің вакцина мен дәрі-дәрмекті зерттеуінен кейін жасаған шешімін Еуропа Одағы комиссиясы мақұлдауы керек.



Ұқсас жаңалықтар