Хасекеде түрмеден қашқан ДАИШ-тік террористтер ұсталған емес

Сирияның Хасеке қаласында түрмеден қашқан ондаған ДАИШ-тік террорист әлі күнге дейін ұсталмады.

1769937
Хасекеде түрмеден қашқан ДАИШ-тік террористтер ұсталған емес

Террор ұйымы YPG/PKK 26 қаңтар күні ДАИШ содырлары басып алған Хасекедегі Өнеркәсіптік түрмесін АҚШ-тың қолдауымен қайтарып алғаннан кейін баршаның назары қашқан ондаған ДАИШ мүшесінің тағдырына ауды.

Жергілікті ақпарат көздеріне қарағанда 20 қаңтар күні түрмеден қашқан ондаған ДАИШ содыры қазір Хасеке қаласының орталығындағы Гувейран ауданындағы үйлерде жасырынып жатыр.

Қала орталығынан қашуды мақсат еткен ДАИШ мүшелері тығылған аймақтарда кейде АҚШ қолдау берген YPG/PKK-лық террористтермен қақтығысуда.

Хасекедегі түрме шабуылынан кейін YPG/PKK Камышлы аудан орталығында террорист санын арттырды.

Террористік ұйым өзі басып алған аудан орталығының кіріс-шығыс жолдарындағы бақылау бекеттері санын да көбейтті.

YPG/PKK 25 қаңтар күні көпшілігі ДАИШ-тік кемінде 600 тұтқынды Хасеке қала орталығынан Камышлы ауданына апарған еді.

Сондай-ақ АҚШ күштері Сирияның шығысындағы Дейр-эз-Зор қаласында «Омар» мұнай алаңындағы базаға 50 жүк көлігімен қару-жарақ тасымалдады.

Хасекенің солтүстік шығысында Румейлан аймағынан жіберілген жүк көліктерінде тұмсықты зымырандар, оқ-дәрілер және танк материалдары орын алды.

ДАИШ-пен байланысы бар қарулы бір топ 20 қаңтар күні Хасекенің оңтүстігіндегі Өнеркәсіп түрмесіне бомба тиелген көлікпен шабуыл жасаған, ондаған ДАИШ мүшесі қашып кеткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар