Омикрон денеде 21 сағат тірі қалады

Зерттермендер ковид-19-дың алғашқы түрі мен штамдарының айырмашылықтарын зерттеді.

1768981
Омикрон денеде 21 сағат тірі қалады

Коронавирустың Омикрон штамының адам терісінде 21 сағатқа, пласттикалық беттерде 8 күнге дейін тірі қалатыны анықталды.

Жапониядағы Киото Медицина университетінің зерттермендері ковид-19-дың Қытайдың Ухань қаласында табылған алғашқы түрі мен штамдарының айырмашылықтарын зерттеді.

BioRxiv жарияланған еңбек вирустың Альфа, Бета, Дельта және Омикрон штамдарының пластикалық заттардың бетінде және денеде Уханьдағы түрінен екі есе көп тірі тұратынын көрсетті.

Зерттеуде Ухань түрінің пластикалық беттерде орташа өмір мерзімі 56 сағат, Альфа штамының 191,3 сағат, Бета штамының 156,6 сағат, Дельта штамының 114 сағат және Омикрон штамының 193,5 сағат екені анықталды.

Адам денесінде вирустың түпнұсқасы 8,6, Альфа штамы 19,6, Бета штамы 19,1, Дельта штамы 16,8 және Омикрон штамы болса 21,1 сағат тірі болады.

Зерттеушілер осы штамдардың барлығының спирттік қоспаға 15 минут тисе толығымен залалсызданатынын білдірді. Сондықтан гигиена үшін дезинфектанттар қолдануға кеңес берді.



Ұқсас жаңалықтар