Африкада тропикалық дауылында 46 адам көз жұмды

Африканың оңтүстік-шығысында тропикалық дауыл 46 адамның өмірін қиды.

1769061
Африкада тропикалық дауылында  46 адам көз жұмды

Мадагаскар, Мозамбик және Малавиде соңғы төрт күнде «Ана» тропикалық дауылы салдарынан кем дегенде 46 адам қаза тапты.

Мадагаскар апат және төтенше жағдай басқармасының рапортына қарағанда мемлекетте өткен аптадан осы таңға дейін кем дегенде 34 адам «Ана» тропикалық дауылы кесірінен көз жұмды, мөлшермен 65 адам баспанасыз қалды.

Мозамбик Апаттың қаупін азайту институтының мәлімдемесінде болса тропикалық дауылда 8 азаматтың қаза тапқаны және адамның жарақат алғаны білідрілді.

"News 24" телеарнасының  хабарына қарағанда Малавиде де «Ана» тропикалық дауылы салдарынан осы таңға дейін кем дегенде 4 адам қаза тапты. 

Осылайша «Ана» тропикалық дауылында қаза тапқандар саны 46-ға жетті. 

 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар