Ресей АҚШ-тың істеріне алаңдайды

Песков АҚШ-тан жауап күтіп отырғандарын айтты.

1768172
Ресей АҚШ-тың істеріне алаңдайды

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Америка Құрама Штаттарының Ресей мен Украина арасындағы келіспеушілікті арттыруына алаңдап отырғандарын айтты.  

Песков Мәскеуде журналистердің сұрақтарына жауап берді.

«Келіспеушілікті АҚШ әрі информация арқылы, әрі іс жүзінде арттырып отыр.  Осы тақырыпта ешнәрсе өзгермейді.  Америка Құрама Штаттарының осы бағыттағы істерін алаңдаушылықпен қадағалап отырмыз» деді ол.

Ол Америка Құрама Штаттарының Украина дағдарысында күтпеген оқиғаларға орай НАТО күшін белсенді жағдайға келтіру үшін 8500 әскерді дайын ұстап отырғанына назар аударды.  Песков мұның Ресей мен АҚШ және НАТО арасында қауіпсіздікке байланысты келіссөзге әсер етпейтінін білдірді.

Песков «Қазіргі сатыда келіссөз аяқталды. Қалай және қашан жалғасатынын білу үшін жазбаша жауап күтіп отырмыз.  Біз осы апта болады деп үміттенеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар