Омикрон үшін арнайы вакцинаның сынақтары басталды

Клиникалық сынаққа 1420 адамнан тұратын бір  топ қатысады.

1768174
Омикрон үшін арнайы вакцинаның сынақтары басталды

Америкалық Pfizer және германиялық  BioNTech компаниялары коронавирустың Омикрон штамына арналған вакцина үшін сынақ бастады.

BioNTech/Pfizer компаниялары 18-55 жас арасындағы дені сау азаматтарда Омикрон арнайы вакцинасы кандидатын клиникалық сынақтан өткізе бастағанын білдірді.

BioNTech компаниясының басшысы Проф. Др. Угур Шахин ковид вакциналарының Омикрон штамы себеп болатын ауыр ауруларға қарсы мықты қорғайтынын білдірді. «Бұл сынақ – бұдан бұрынғы ковид штамдарында болғаны секілді Омикрон штамына қарсы ұзақ мерзімді қорғау мерзімі мен ұқсас қорғау деңгейін қамдайтын штамм вакцинасын жетілдіруге бағытталған ғылыми көзқарастың бір бөлшегі» деді ол.

Хабарламада сондай-ақ компанияның 2022 жылы 4 миллиард доза ковид вакцинасын өндіруді жоспарлағаны еске салынды.

Клиникалық сынаққа 1420 адамнан тұратын бір  топ қатысады.

 



Ұқсас жаңалықтар