"Украинаның шығысында жағдай бақылауда"

«Украинаның шығысында жағдай бақылауда, алаңдау орынсыз» деді Зеленский.

1767710
"Украинаның шығысында жағдай бақылауда"

Украина президенті Владимир Зеленский елдің шығысында келіспеушілікті азайту істерін жалғасып жатқанын айтты. «Украинаның шығысында жағдай бақылауда, алаңдау орынсыз» деді ол.

Зеленский Ресеймен арадағы келіспеушілікті талқылау мақсатымен Қауіпсіздік кеңесі жиналысына қатысты. Жиналыстан кейін әлеуметтік медиа желісінен үндеу жариялады.

Ол лауазым иелерінің қажетті барлық жұмысты атқарып жатқанын айтып: «Лауазым иелері келіспеушілікті азайту мақсатымен жұмыстанып жатыр.  Серіктеріміз, дипломаттарымыз және ең маңыздысы армиямызбен біргеміз. Олар біздің ең үздіктеріміз, бізді қорғайды, тыныш болу керек. Украинаның шығысында жағдай бақылауда» деді.

 Сонымен қатар Ұлттық Қорғаныс және Қауіпсіздік кеңес төрағасы Олексий Данилов та жиналыстан кейін Украинаның шығысында жағдайдың бақылауда екенін қайталады.

Ол халықтан және баспасөзден тыныш болуды сұрады. «Қазіргі жағдай біз үшін өте айқын. Алаңдау қажет емес, барша тыныш болуы керек. Жағдай бақылауда» деді ол.

Украинаның Ресеймен шекарасында орыстың 109 мың әскери болмысы бар екенін білдірген Данилов: «Бұл біз үшін жаңалық емес. 2-3 мың артса,  бұл қауіпті жағдай туғызбайды» деді.

Данилов Ресейдің Украинаны оккупациялау қаупінің 2008 жылдан бері бар екеніне назар аударып, былай деді: «Бұл қауіп 2008 жылдан бері бар. Жағдай былтырғыдан өзгеше емес.  Бүгін Кеңес Одағының не екенін, Лениннің кім екенін білмейтін жаңа буын ұрпақ бар. Өзгеше әлемде өмір сүріп жатырмыз. Бұл да Ресейді үрейлендіреді. Осы проблеманы шешу үшін аз уақыттары қалды.  Айырықша Путиннің биологиялық сағатының, Ресейдің биологиялық сағатының да істеп тұрғанын білеміз»



Ұқсас жаңалықтар