Мали Дания әскерлерінің "дереу" кетуін талап етті

Такуба күшінде Франция, Швеция, Эстония, Италия, Бельгия, Нидерланды, Португалия және Чехиядан 500-ге тарта әскер міндет атқаруда.

1767725
Мали Дания әскерлерінің "дереу" кетуін талап етті

Малидегі хунта әкімшілігі Такуба бітімгерлік күші шеңберінде өткен апта келген 100 әскердің дереу кетуін талап етті.

Үкімет мәлімдемешісі Майга қолтаңбасымен жарияланған жазбаша мәлімдемеде алдынғы аптада Такуба бітімгерлік күші аясында шығыстағы Менака аймағына орналасқан Дания әскерлерінің «дереу» елден кетуі керектігі айтылды.

Мәлімдемеде Даниямен әскер орналастыру жөнінде екі жақты келісіміге қол қойылмағаны атап көрсетілді. Әскерлердің Мали тарапының рұқсатынсыз орналастырылғаны айтылды.

Такуба күшінде Франция, Швеция, Эстония, Италия, Бельгия, Нидерланды, Португалия және Чехиядан 500-ге тарта әскер міндет атқаруда.

Сахельдегі террор проблемасын шешу және Францияның операциясына қолдау беру мақсатымен 2020 жылы құрылған Такуба бітімгерлік күшіне Францияның жақын одақтастары Германия, Испания және Ұлыбритания қосылмады.



Ұқсас жаңалықтар