Еуропа Одағы Украинаға қолдау береді

Жозеп Боррель Еуропа Одағының Ресейдің шабуылына қарсы береке-бірлік ішінде болғанын білдірді.

1767792
Еуропа Одағы Украинаға қолдау береді

Еуропа Одағы  сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі  Жозеп Боррель Ресейге қарсы береке-бірлік ішінде екенін, Еуропа Одағының Ресейдің кибер шабуылына қарсы тойтарыс беру тақырыбында Украинаны қолдайтындарын жариялады. 

Боррель Еуропа Одағы Сыртқы істер министрлері жиналысынан кейін ұйымдастырылған баспасөз жиналысында Еуропа Одағының Ресейдің шабуылына қарсы береке-бірлік ішінде болғанын білдірді. 

Еуропа Одағының Ресеймен келіссөздер өткізіп жатқанын баяндаған Боррель АҚШ-пен үнемі пікір алмасып отырғандарын түсіндірді. 

Боррель Ресейге қарсы ұстанған тұғырының үш бөлімнен тұратынын айтты. 

Біріншісінің дипломатия және диалог екенін атап өткен Боррель егер бұл талпыныс жүзеге аспаған жағдайда Еуропа Одағының Ресейга қарсы тойтарыс беру тақырыбында тіпті қатал шараларды қолдануы мүмкіндігін  білдірді. 

"Бұл береке-бірлік тек Еуропа Одағы ішінде емес, халықаралық көлемде тез және табанды бір әрекет болады" деген Боррель Украинаны әрі қаржылай, әрі басқа жақтан қолдайтындарын баяндады. Жозеп Боррель Еуропа Одағы Комиссиясының кеңеюге жауапты мүшесі Оливер Вархелидің Украинаға баратынын мәлімдеді.  



Ұқсас жаңалықтар