Мешітке оқ атылды

Полиция күдіктіні ұстады.

1767259
Мешітке оқ атылды

Германияның Галле қаласындағы құрамында мешіті бар Ислам мәдени орталығы қауымдастығына үш рет оқ атылды.

Галле полиция бөлімінен жасалған мәлімдемеде Ислам мәдени орталығының жанында екі адамның атыс естігені және ғимараттың қабырғасына 3 оқ тигені хабарланды.

Қарсы жақтағы пәтерден оқ атылғаны туралы ақпарат бойынша полицейлер пәтерлердің бірінен 2 қару тәркіледі. Үй тұрғынының саяси қылмысы тіркелмегені және оқиғаға қатысты тергеу жалғасып жатқаны жарияланды.

Германия Мұсылмандары Орталық Кеңесінің әлеуметтік медиа аккаунтындағы жазбада Галле мешітіндегі мұсылмандардың тағы да шабуыл нысанасы болғаны атап көрсетілді.

Жазбада "Құдайға шүкір, бұл жолы ешкім зардап шеккен жоқ. Мұсылман дұшпандығы мен нәсілшілдік сөзде қалмай отыр" деп айтылды.  Мұсылман қауымдастығы күдіктіні ұстаған Галле полициясына алғыс білдірді.



Ұқсас жаңалықтар