Коронавирус жақында аяқталуы мүмкін

Ханс Клюге «Аймақта пандемия аяқталуы ықтималы бар» деді.

1767275
Коронавирус жақында аяқталуы мүмкін

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы Омикрон штамы жылдам тарағаннан кейін Еуропада жаңа коронавирус пандемиясының аяқталуы мүмкін екенін білдірді.

Ұйымның Еуропа аймақтық директоры Ханс Клюге ақпарат агенттігіне берген мәлімдемесінде «Аймақта пандемия аяқталуы ықтималы бар» деді.

Ол коронавирустың мутацияға ұшырау қабілетіне орай адамдардың әлі де сақтық шараларын тастамауы керектігін айтып ескертті. Алайда Омикроннан кейін «үнсіздік кезеңі» басталуы мүмкін екенін айтты.

“Ковид-19 жылдың аяғына қарай үнсіз кезеңге өтеді деп болжап отырмыз» деді ол.

53 ел мен өңірді қамтитын Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Еуропа аймағында Омикрон штамы жұғу оқиғалары артты.



Ұқсас жаңалықтар