Түркия Ливанның энергетикалық дағдарысына шешім ұсына алады

Ливан Христиан азат патриоттық қозғалысының төрағасы Гибран Басиль мәлімдеме жасады.

1766105
Түркия Ливанның энергетикалық дағдарысына шешім ұсына алады

Ливан Христиан азат патриоттық қозғалысының төрағасы және бұрынғы Сыртқы істер министрі Гибран Басиль Түркияның Ливанға энергетикалық дағдарысқа байланысты шешім ұсына алатынын білдірді.

Ливан мемлекет басшысы Мишель Аунның күйеу баласы Баcиль Түркия мен елі арасындағы ынтымақтастықты бағалады.

Түркияның аймақтағы маңызды елдер арасында екенін атап көрсеткен Басиль "Ортақ мүдделеріміз бар аймақта өмір сүріп жатырмыз. Түркия өте жақсы қарым-қатынаста болуымыз керек елдердің бірі. Мұндай қарым-қатынастарымыз бар және бұл жағдайды сақтауымыз керек. Ливан үшін бұл өте стратегиялық мәселе» деді.

Ливанның өткен жылдан бері өте ауыр энергетикалық дағдарыс бастан кешкенін және Түркияның «жаңартыла алатын» энергия саласында маңызды тәжірибесі бар екенін еске салған Басиль «Біздің жоспарларымыз аясында Түркия бұл мәселеге (энергия дағдарысы) шешім ұсына алады. Елге электр қуатын өндіретін түрік кемелері әкелінді. Өнімнің өзіндік құны өте арзан болды. Сонымен қатар, Түркияның халықаралық аренада басқа елдермен бәсекеге түсе алатынына сенеміз. Ливанды энергиямен қамтамасыз ету аясында түрік компаниялары басқа халықаралық компаниялармен бәсекеге түсу мүмкіндігіне ие. Оның ішінде жаңартылатын энергия көздері және басқа да салалар бар. Иә, шын мәнінде ынтымақтасуымыз керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар