Ресей Беларусьқа екі S-400 әуе қорғаныс жүйесі жіберді

Беларусьте «Одақтастық ұстаным - 2022» бірлескен әскери оқу-жаттығуы өтеді.

1766236
Ресей Беларусьқа екі S-400 әуе қорғаныс жүйесі жіберді

Ресей әскери жаттығулар үшін Беларусьқа екі S-400 әуе қорғаныс жүйесін жіберді.

Ресей Қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеде S-400 жүйелерінің Беларусьте Ресеймен ортақ ұйымдастырылған «Одақтастық ұстаным - 2022» бірлескен әскери жаттығуына қатысатынын атап көрсетті.

Мәлімдемеде оқу-жаттығу үшін S-400 әуе қорғаныс жүйесіне қоса «Пантсир-S» әуе қорғаныс зымыраны және 12 дана «Су-35» әскери ұшағының Беларусь еліне жіберілетіні атап көрсетілді.

«Одақтастық ұстаным - 2022» бірлескен әскери оқу-жаттығуы 10 ақпан күні басталады.



Ұқсас жаңалықтар