Ганада үлкен жарылыс

Жарылғыш тасыған көлік мотоциклмен соқтығысты.

1766081
Ганада үлкен жарылыс

Гананың Вестерн уалаятында кен шаруашылығында қолданылатын жарылғыштарды тасыған көлік мотоциклмен соқтығысты. Үлкен жарылыс болып, көптеген адам қаза тапты.

Гана полиция қызметі Вестерн уалаятының Богосо-Вауди автожолында кенде қолданылатын жарылғыштарды тасыған бір көліктің қарсы жақтан келе жатқан бір мотоциклмен соқтығысқанын білдірді.  Үлкен жарылыс болды. Жарылыста көптеген адам қаза тапты, көптеген адам жарақат алды. Алайда саны берілмеді.

Жарылыста төңіректегі үйлер де зиян шекті.



Ұқсас жаңалықтар