Ресей-Украина шекарасындағы шиеленіс жалғасуда

Йенс Столтенберг: «Ресеймен одан көбірек келіссөзге дайынбыз».

1765786
Ресей-Украина шекарасындағы шиеленіс жалғасуда

Ақ Үй әкімшілігі «Ресейдің кез-келген уақытта Украинаға шабуыл жасайтын бір кезеңде тұрмыз» деген мәлімдеме жасады. 

Америка Құрама Штаттары Президенті Джо Байден де «Егер олар шекарада жинаған әскердің күшімен үлкен іске кірісетін болса, бұл Ресей үшін үлкен апат болады» деді. 

Мұндай жағдайда Ресейде адам шығынының өте ауыр болатынын тілге тиек еткен Байден Ресей экономикасына да ауыр тиетінін ескертті. 

НАТО да Украинаны қолдайтынын қайталады. 

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг «Ресеймен одан көбірек келіссөзге дайынбыз, бірақ іргелі қағидаттар бойынша ымыраға келмейміз» деді. 



Ұқсас жаңалықтар