Буркина-Фасода 4 француз әскері ауыр жарақат алды

Франция Бас штаб басқармасы оқиға туралы мәлімдеме жасады.

1765036
Буркина-Фасода 4 француз әскері ауыр жарақат алды

Буркина-Фасоның солтүстігінде француз әскерлері өткен жолға орналастырылған қолдан жасалған бомбаның жарылуы салдарынан 4 француз әскері ауыр жарақат алды.

Франция Бас штаб басқармасы жасаған мәлімдемеге қарағанда кеше кешкі уақытта француз Бархан күштері мінген әскери көлік Вахигуя әуежайына жақын аймақта қолдан жасалған жарылғыш заттың үстінен өткен.

Жарылыс салдарынан көліктегі 4 француз сарбазы ауыр жарақат алды. Зардап шеккендер Малидің Гао қаласына жеткізілді.

Шабуылдың жауапкершілігін әзірге ешкім мойындамады.



Ұқсас жаңалықтар