Жаңа астананың аты - Нусантра

Индонезия үкіметі елдің астанасын басқа қалаға көшіреді.

1764444
Жаңа астананың аты - Нусантра

Индонезия астанасын Ява аралындағы Джакартадан Борнео аралындағы Шығыс Калимантан провинциясына көшіреді.  Жаңа астананың аты  «Нусантара» болады.

Президент Джоко Видодо 80 атау арасынан  Индонезия географиясын сипаттайтын болғандықтан, «архипелаг» деген мағына беретін «Нусантара» атауын таңдады. Бұл туралы Ұлттық дамуды жоспарлау министрі Сухарсо Моноарфа мәлімдеді. 

Британдық Guardian газетінің хабарына қарағанда,  Нусантара қаласының құрылысы парламент бүгін жаңа астана туралы заң жобасын қабылдағаннан кейін басталады.

Жоспар 2024 жылы мемлекеттік ғимараттарды көшіру арқылы аяқталады деп күтілуде.

Индонезия үкіметі жыл сайын болатын су тасқыны, инфрақұрылым проблемалары және жер асты суларының шамадан тыс пайдаланылуы қаланың солтүстік бөліктерінің тез суға кетуіне әкелетін табиғи апаттарға байланысты 10 миллион тұрғыны бар қазіргі астана Джакартаны көшіруге шешім берді.

Экологтар бұл қадам тропикалық ормандарда орангутандар, аюлар мен ұзын мұрынды маймылдар мекен ететін Шығыс Калимантанның ластануын арттырады деп ескертеді.



Ұқсас жаңалықтар