БҰҰ Сирия арнайы өкілі Иранда

БҰҰ Сирия арнайы өкілі Гейр О.Педерсен Тегеранда Иран Сыртқы істер министрімен бас қосты.

1763561
БҰҰ Сирия арнайы өкілі Иранда

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Сирия арнайы өкілі Гейр О.Педерсен Иран Сыртқы істер министрі Хусейн Эмир Абдуллахиянмен бас қосты.

Иран Сыртқы істер министрлігі жасалған мәлімдемеде бас қала Тегеранға барған Педерсен мен Абдуллахиянның Сириядағы оқиғаларды талқылағаны білдірілді.

Мәлімдемеде «Америка Құрама Штаттарының Сириядағы болмысы мен Израильдің әуе шабуылдарының саяси шешім процесіне зиянын тигізгенін» білдірген Абдуллахиян халықаралық қоғамның бұл тақырыпқа назар аударуы керектігін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар