Бір миллиард компонент вакцина таратылды

114 елге вакцина таратқан COVAX бағдарламасы тарихтағы ең ірі вакцинамен қамдау және қолдау жұмысын жүргізгені хабарланды.

1763421
Бір миллиард компонент вакцина таратылды

Орта және төмен кірісті елдерге жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті вакцинасын жеткізуді мақсат еткен Ковид-19 вакциналары Жаһандық қол жеткізу бағдарламасы (COVAX) аясында таратылған вакцина бір миллиард компонентке жетті.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымынан жасалған мәлімдемеде бір миллион 100 мың компонент вакцинаны тасыған кеменің Руандаға ұласқаны білдірілді, осы тасымалмен бірге Ковид-19 вакциналары Жаһандық қол жеткізу бағдарламасы (COVAX) аясында таратылған вакцина бір миллиард компонент ретінде тіркелгені білдірілді.

Мәлімдемеде қазірге дейін 114 елге вакцина таратқан ұйымның осы санақпен тарихтағы ең ірі вакцинамен қамдау және қолдау бағдарламасын жүргізгені хабарланды.

Мәлімдемеде Ковид-19 вакциналары Жаһандық қол жеткізу бағдарламасы (COVAX) аясында әлемдегі елдер, вакцина өндірген компаниялар және ортақтарымен кездесіп, вакцинамен қамдау жеткіліксіз болған елдерге көбірек вакцина жеткізу талпыныстары жалғасқаны білдірілді. 

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының талпынысымен 2020 жылы сәуірде ұйымдасқан және 184 ел қатысқан аталмыш бағдарлама аясында вакцина тарату жұмыстары 2021 жылы ақпанда басталған болатын.



Ұқсас жаңалықтар