Дибейбе Израильдің қауесетін теріске шығарды

Ливия премьер-министрі Израиль лауазымдыларымен кездесті деген айыптарды жоққа шығарды.

1761830
Дибейбе Израильдің қауесетін теріске шығарды

Ливия премьер-министрі Абдулхамид Дибейбе Иорданияда Израиль лауазымдыларымен кездесті деген айыптарды жоққа шығарды.

Сауд Арабиясының «Al-Arabiya Al-Hadath» телеарнасының Дибейбенің Иорданияның бас қаласы Амманда Израиль лауазымдыларымен кездескені туралы хабармен байланысты Ливиядағы «Үкіметіміз» деп аталатын ресми платформада мәлімдеме жарияланды.

Үкімет атынан жасалған мәлімдемеде «Дибейбе өзінің Израиль үкіметінің лауазымды тұлғаларымен кездесіп жатыр деген бір телеарнаның қауесетін жоққа шығарады. Мұндай нәрсе болған емес және ешқашан болмайды. Палестинаға қатысты ұстанымымыз анық және тұрақты» делінді.

Al-Arabiya Al-Hadath телеарнасының кешегі хабарында Дибейбе Амманда Израильдің сыртқы барлау қызметі (Моссад) басшысымен Ливия мен Израиль арасындағы қарым-қатынастардың қалыпқа келуін талқылағаны  алға тартылған еді.

Хабарда Дибейбенің сайлау алдындағы өтпелі кезеңде өз орнында қалу үшін Израильдің қолдауын қалайтыны алға тартылды.



Ұқсас жаңалықтар