Нигерияда 3 қабатты шіркеу құлады

Апат кезінде шіркеуде 50-ден астам адам бар екені білдірілді.

1761269
Нигерияда 3 қабатты шіркеу құлады

Нигерияның Дельта уәлаятында 3 қабатты шіркеудің құлауы салдарынан алғашқы мәліметтер бойынша 10 адам қаза тапты.

Дельта уәлаяты Денсаулық сақтау инспекторы, дәрігер Онони Морди штаттың Окпанам аймағында 3 қабатты шіркеудің құлағанын мәлімдеді.

Морди үйінділер астынан 10 адамның мәйітін тапқандарын, 8 адамның тірілей құтқарылғанын хабарлады.

Аймақта іздеу-құтқару жұмыстарының жалғасып жатқанын, жаралылардың емханаларға жеткізілгенін білдірген Морди өлгендер санының артуы мүмкін екеніне назар аударды.

Апат кезінде шіркеуде 50-ден астам адам бар екені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар