Мысыр мен АҚШ ортақ жаттығу бастады

Мысыр Сауд Арабиясымен де жаттығу жүргізуде.

1759736
Мысыр мен АҚШ ортақ жаттығу бастады

Мысыр мен Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Қызыл теңізде бірлескен жаттығу өткізді.

Мысыр армиясының баспасөз хатшысы полковник Гарип Абдулхафиз әлеуметтік медиа парақшасында жасаған мәлімдемесінде жаттығуға  Мысыр теңіз күштерінен «Александрия» фрегаты мен АҚШ теңіз күштерінен «USS Janson Dunham» және «USS Cole» әскери кемелерінің қатысқанын білдірді.  

Баспасөз хатшысы Абдулхафиз жаттығу аясында Қызыл теңізде әуе және теңізден келетін қауіптерге қарсы теңіз және навигациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, коммерциялық жүк кемелерін қорғау сияқты кейбір жаттығулар жасалғанын атап өтті.

Абдулхафиз оқу-жаттығудың «Мысыр Қарулы Күштері Бас қолбасшылығының дос елдердің қарулы күштерімен білім деңгейін көтеру және тәжірибе алмасу жоспары» аясында ұйымдастырылғанын мәлімдеді. Мәлімдемеде оқу-жаттығудың қашан басталғаны және оның ұзақтығы туралы нақты ақпарат берілмеді.

Басқа жақтан Мысыр мен Сауд Арабиясы қарулы күштерінің де Сауд Арабиясы аумағында «Табук-5» атты ортақ әскери жаттығуды бастағаны хабарланды.

Мысыр армиясынан жасалған жазбаша мәлімдемеде жаттығуға екі елдің жеке әскери бөлімдерінің қатысатыны атап өтілді.

Мәлімдемеде жаттығудың ұзақтығы туралы ақпарат берілмеген.



Ұқсас жаңалықтар