Швеция королі мен патшайымы ковид жұқтырған

Густаф пен патшайымның жеңіл симптомдар көрсеткені және өздерін жақсы сезінгені айтылды.

1757446
Швеция королі мен патшайымы ковид жұқтырған

Швеция королі XVI Густаф пен патшайым Сильвия коронавирус жұқтырып алған.

Скандинавия елдерінде Ковид-19 инфекциясының Омикрон штамы жұғу оқиғалары көбейіп жатқанда, Швеция королі мен патшайымы Ковид-19 тесттерінің қорытындысының жағымсыз шыққанын білдірді.

Швед сарайынан жасалған мәлімдемеде толық екпе алған король Густаф пен патшайымның жеңіл симптомдар көрсеткені және өздерін жақсы сезінгені айтылды.

Швед ғалымдары Ковид-19 індетінің Омикрон штамының  елдегі инфекциялардың 50 пайыздан астамын құрайды деп хабарлады.  Ал Америка Құрама Штаттары Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC) өз азаматтарын Швецияға және басқа да Еуропа елдеріне бармауға байланысты ескерткен болатын.  



Ұқсас жаңалықтар