Халық азық үшін бұйымдарын айырбастап жатыр

Шиан қаласында халық азық-түлік материалдары үшін бұйымдарын айырбастай бастады.

1757363
Халық азық үшін бұйымдарын айырбастап жатыр

Қытайда коронавирус індетіне байланысты 23 желтоқсаннан бері карантин ережелері орындалған Сианьчи уәлаятының орталығы Шиан қаласында халық азық-түлік материалдары үшін бұйымдарын айырбастай бастады.

Кіріп- шығулар тоқтатылған 13 миллиондық қалада 28 желтоқсан күнінен бері карантиндегі қалаға қолдау үшін азық-түлік материалдары таратылып жатыр. Алайда кейбір азаматтардың азықтарының таусылғаны және көмекке қол жеткізе алмағандары туралы хабарлар шығып жатыр.

Weibo әлеуметтік желісінде карантиндегілердің азық-түлік материалдарына қол жеткізу үшін темекі, тазалық материалдары және тіпті электрондық бұйымдарын айырбастай бастағаны айтылды.

Бір қолданушы электронды ойын консолын бір пакет макаронға және екі түйір мантыға айырбастағанын жазды.

Қалада вирус жұғу оқиғалары басталған 9 желтоқсан күнінен бері анықталған оқиға саны 1793-ке жетті.



Ұқсас жаңалықтар