Қытай газетінде Түркия мақталды

"Түркияның Орта дәлізі тарихтағы ең жақсы кезеңге дөп келуде және жылдам  дамуға беталуда" деп жазылды.

1757089
Қытай газетінде Түркия мақталды

Қытайдың маңызды газеттерінен China Daily Түркияның Орта дәлізінің жылдам өсуге беталғанын жазды.

Түркияның Орта дәлізі жобасы Қытайдың Ұлыбританияға үзіліссіз  сауда жолының маңызды өткелі. Жоба тарихи Жібек Жолының жандануына есе қосады. 

China Daily-де жарияланған зерттеу мақаласында жобаның сирек кездесетін бір даму кезеңіне өткені білдірілді.

Орта коридор талпынысының негізгі жобасы болған Баку-Тбилиси-Карс темір жолының 2017 жылы қазанда басталғанын ескерткен зерттеуде "Түркияның Орта дәлізі тарихтағы ең жақсы кезеңге дөп келуде және жылдам  дамуға беталуда" деп жазылды.

Түркияның қатынас инфрақұрылымын күшейту және транзиттік процедуралардың жеңілдетілуі мақталған зерттеуде бұл Орта дәліздің бәсеке күші мен қызығушылығын арттырғанын білдірді. 

Қытайдан Еуропаға қысқа жол Түркиядан өтеді. Қытайдан жолға шыққан бір контейнер Түркия арқылы 15 күнде Еуропаға жетеді. Осы мезгіл Ресей Солтүстік транзит жолы арқылы 15-20 күнге, Суэц каналы арқылы 45-60 күнге созылады.



Ұқсас жаңалықтар