Мозамбик президенті ковид жұқтырды

Мозамбик мемлекет басшысы мен жұбайының карантинге алынғаны білдірілді.

1756635
Мозамбик президенті ковид жұқтырды

Мозамбик мемлекет басшысы Филипе Ньюси мен жұбайы Исаура Нюсидің жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) жұқтырғаны білдірілді.

Президенттік аппараттан жасалған жазбаша мәлімдемеде «Мозамбик мемлекет басшысы Филипе Нюси мен жұбайы Исаура Нюсидің ковид-19 жұқтырғаны анықталды» делінді.

Мәлімдемеде карантинге алынған Нюси мен жұбайының денсаулықтарының жақсы екені айтылған.

Мозамбикте вирустан осы уақытқа дейін 2 мың 31 адам қайтыс болса, 193 мың 371 адам вирусты жұқтырды.



Ұқсас жаңалықтар