Әйелдер моншасы жабылды

Талибан әйелдерге тағы шектеме келтірді.

1756338
Әйелдер моншасы жабылды

Талибан билігі Ауғанстанның Белх уәлаятында әйелдерге арналған моншаларды жабуға шешім қабылдады.

Талибан уақытша үкіметінің Жақсылыққа шақыру және жамандықтан сақтау министрлігінің Белх қалалық директор Сердар Мұхаммед Хайдари әйелдердің хиджаб қағидаларына бағынуы керектігін айтты.

Ол Белх қаласындағы әйелдер моншасының жабық болатынын білдірді. Ер адамдарға арналған моншалардың да бақылауға алынатынын айтты.

Жақсылыққа шақыру және жамандықтан сақтану министрлігінің хабарламасына қарағанда алыс сапарда әйелдер жалғыз өзі болса көлікке қабылданбайды, таксилерде музыка тыңдауға болмайды және қысқа қашықтықты сапарларда да хиджаб кимеген әйелдер таксилерге мінгізілмейді.

15 тамыз күні билікке келген Талибан үкіметі әйелдерге кейбір салаларда шектеме келтірген болатын. Елдің көптеген уәлаятында қыз балалардың лицейде оқуына да тыйым салынды.

Талибан билікке келместен бұрын медиа қызметкерлерінің 30 пайыздан көбі әйелдер болатын. Қазір тек бірнеше әйел журналист қана қалды.

Көптеген журналист те елден кетті.



Ұқсас жаңалықтар