О. Кореяда шектемелер екі аптаға созылды

Оңтүстік Кореяда үкімет шектемелерді тағы екі аптаға созды.

1755246
О. Кореяда шектемелер екі аптаға созылды

Коронавирус жұғу оқиғалары алаңдататын деңгейге жеткен Оңтүстік Кореяда үкімет шектемелерді тағы екі аптаға созды.

Yonhap агенттігінің хабарына қарағанда, оқиға саны артқаннан кейін 18 желтоқсанда күшіне енген шектемелер 2 қаңтар күніне дейін жалғасуы керек еді. Алайда үкімет науқас саны әлі де көп болғандықтан шектемелердің 16 қаңтар күніне дейін созылуына шешім берді.

Оңтүстік Кореяда ковид-19 сақтық шаралары шеңберінде мейрамхана,  кафе және барлар жергілікті уақытпен сағат 21.00, кинотеатр мен интернет кафелер сағат 22.00-де жабылады. Айырықша жабық алаңдарда төрттен астам кісі бірге отыра алмайды.

Ел көлемінде екі апта бұрын 8 мың шақты болған жұғу оқиғасы саны соңғы күндері төрт мыңға дейін төмендеді.



Ұқсас жаңалықтар