Малидегі бомбалы шабуылда 8 әскер қаза тапты

Әскери бөлімшеге нысанаға алынған шабуылда 12 сарбаз жарақат алды.

1755145
Малидегі бомбалы шабуылда 8 әскер қаза тапты

Малидегі әскери бөлімшеге кеше жасалған бомбалы шабуылда 8 әскер қаза тапты. 

Елдің Нара қаласындағы әскери бөлімшеге террористтер кеше қолдан жасалған бомба және ауыр қарумен шабуылды. Шабуыл барысында 8 әскер қаза тауып, 12 сарбаз жара қат алды. Кемінде 31 шабуылшы өлтірілген оқиғадан кейін аймақта ауқымды операция басталды. 

Мали армиясы елдің Буркина-Фасо шекарасына жақын Мапти аймағында жасалған әуе шабуылында 27 бүлікшінің өлтірілгенін мәлімдеді. 

Мали Қарулы күштері (FAMA) мәлімдемеде кеше 8 әскер өлтірілген Мапти аймағының Сухе жеріне әуе операциясы жасалғанын жариялады. 

Операция барысында араларында басшылар да бар 27 бүлікшінің залалсыздандырылғаны атап көрсетілді. 

Сол аймақта кеше көтерілісшілер мен қауіпсіздік күштері арасындағы қақтығыста 31 көтерілісші өлтірілген болатын.  



Ұқсас жаңалықтар